Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жағдайы мен даму келешегін талқылады.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер барысы туралы мәлімет берді. Украинаның бейтараптық, блоктардан тыс, ядролық қарусыздық мәртебесіне қатысты уағдаластыққа қол жеткізудің маңыздылығы айтылды.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155331/)