Алматы қаласының құрылыс алаңында кран құлап кетті. Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің хабарлауынша, апат Түрксіб ауданы, Жас Қанат ықшамауданында болған. Ресми мәліметке сай, зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске саламыз, қаңтар айында шаһарда құрылыс краны құлап, 49 жастағы азамат қайтыс болған еді.
Нұрсұлтан Тілектесов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы қаласы: Құрылыс алаңында кран құлады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155387/)