Испанияның Канар аралдары жағалауында 90 мигрант құтқарылды. Арасында 16 әйел мен 2 бала бар. Қайыққа мінген босқындар тулаған теңіздің толқындарына тап болған. Шұғыл түрде Аргинегин портына жіберіліп, жедел жәрдем қызметінің қарауына тапсырылды. Жергілікті үкіметтің мәлімдеуінше, жыл басынан бері Канарға 6 мыңнан астам мигрант жеткен. Олардың дені – африкалықтар.
Айта кетсек, өткен жылы Испанияға теңізбен жол тартқан 4 400-дей мигрант суға кеткен. Олардың 205-і – бала.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Испанияның Канар аралдарында 90 мигрант суға кете жаздады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155407/)