Орталық сайлау комиссиясының төрағасы жұмыс сапарымен Қостанай облысында болды. Нұрлан Әбдіров алдымен Садчиков елдімекеніндегі тұрғындармен кездесті. Садчиков – былтыр облыстағы ауыл әкімдерін сайлаған 65 елдімекеннің бірі. Мұнан соң облыс орталығында жалпы жұртшылықпен жүздесті. Басқосу барысында сайлау процесіне қатысты көпшіліктің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Дәуренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ОСК төрағасы Қостанай облысының жұртшылығымен жүздесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155413/)