Солтүстік Қазақстандағы Аққайың ауданына қарасты Тоқшын ауылындағы мектеп-гимназияның төбесі опырылып түсті. Оқиға күндіз болған.
Эльмира Кәленова, тілші:
«Оқыс оқиға сабақ аяқталған сәтте болғандықтан, зардап шеккендер жоқ», – дейді білім басқармасындағылар. Нақтырақ айтар болсақ, мектепке жапсарлас салынған АКТ залының төбесі опырылып түскен. Арнайы комиссия құрылды. Апаттың себебі анықталмақ. Алдын-ала болжам бойынша, ғимараттың іргетасы тозған. Тоқшын мектеп-гимназиясында 300-ге жуық оқушы бар. Олар бүгіннен бастап қашықтан білім алып жатыр. Балалардың дәстүрлі оқу форматына қашан оралатыны белгісіз.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Қазақстанда мектептің төбесі опырылып түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155442/)