Қарағанды облысында «Қарағанды - Аягөз - Бұғаз» тасжолын 2 жерден су басты. Осыған байланысты Ботақара мен Петровка елдімекендері тұсынан көлік қатынасы тоқтады. Ал бүгін таңертең су деңгейінің түсуіне байланысты жол учаскелері қайта ашылды, деп хабарлайды «ҚазАвтожол» мекемесі. Сондай-ақ кеншілер қаласының Тәттімбет көшесі мен Шахтерлер даңғылына даладан келген қар суы кірді. Коммуналдық қызмет қызыл судың арнасын арықтар мен суағарларға бұрып, бірнеше сағатта жағдай реттелді.
Руслан Нұрланұлы, Бекзат Сәбитұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысының тасжолын 2 жерден су басты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155444/)