Қытай елдің түкпір-түкпірінен Шанхайға 10 мыңнан астам медицина қызметкерін жөнелтті. Солардың 2 мыңдайы – әскери дәрігерлер. Бұл миссияның мақсаты – алып мегаополисте коронавирус инфекциясының өршуін тоқтату.
Дүйсенбі күні Қытайда 13 мыңнан астам ковид инфекциясын жұқтыру оқиғасы тіркелген. Соның 9 мыңдайы 25 млн халқы бар Шанхайда анықталып отыр.
Айта кетсек, жақында жергілікті үкімет пандемияны тоқтату үшін Шанхайда қайта карантин жариялауға мәжбүр болды.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытай Шанхайға 10 мыңнан астам дәрігер жіберді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155459/)