Шығысқазақстандықтар ауылдағы жолдың сапасыз жөнделгенін айтып, Ұлттық арнаға шағымданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығысқазақстандықтар ауылдағы жолдың сапасыз жөнделгенін айтып, Ұлттық арнаға шағымданды

06.04.2022

Мердігер мекеме қыс ішінде қардың үстіне топырақ төсей салды. Көктем шыға ол ми батпаққа айналды. Оданда бұрынғы ескі сүрлеу жол жақсы еді, дейді қарасулықтар. Енді ең болмағанда осыны қырып, тегістеп беруін сұрайды. Ал, жергілікті әкімшілік мамандары «барлығы талапқа сай атқарылған» деп жауап берген. Дегенмен биылдан қалдырмай қаржы бөліп, асфаль төсейміз-деп уәде етуде. 
Сұңғат Демесінов, Қарасу ауылының тұрғыны:
Астының төсеніші дұрыс болмады. Бұл жерге кәдімгі сары топырақ төгілді. Мына жерден мектепке жетуіміз мұң болды. Бала-шағамыз батпақты тізеден кешіп мектепке барды.
Ерсін Ескендіров, Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары: 
Биыл қайтадан қалпына келтіріп бетон асфальт төселгеннен кейін, ол сапалы жол болып шығады. Асфаль төсеніш болмағаннан соң қар жауды, лай батпақ болды. Ол қалыпты жағдай.

Хабарламаларға жазылу