Стратегиялық зерттеулер институты сауалнама нәтижесін жариялады. Сонымен 2 ай бұрын жүргізілген әлеуметтік мониторинг қорытындысы бойынша, респонденттердің арасында Президент ең үлкен сенімге ие. Мемлекет басшысына сауалнамаға қатысқандардың 81,4% дауыс берген. Ал екінші орынға 59,4% дауыспен өңірлердегі әкімдер ілікті. Үкімет пен Парламентке қарағанда облыс және республикалық маңызы бар қалалардың әкіміне халық көбірек сенім артады. Үкімет 53,2%, Парламент 50,4% дауыс жинаған. Мәслихаттар мен саяси партияларға қатысушылардың жартысынан азы сенім білдірді. Ал ең аз сенім жинаған – саяси партиялар 47,3%.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандықтар қандай саяси институттарға көбірек сенім артады?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155525/)