Ағын су Арқалық қаласы маңындағы елдімекендерге баратын жолдың суағарын жырып кетіпті. Соның әсерінен пайда болған шұңқырға далада жайылып жүрген жылқы құлаған. Жолаушылар түсірген тағы бір бейнекөріністен Әулиекөл - Жалдама бағытының 39-шы шақырымында су трассаның үстінен асып ағып жатқанын байқауға болады. Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, бүгін су деңгейі төмендеп, жолдың бұл бөлігіне кезекшілік қойылыпты. Сондай-ақ Жанкелдин ауданының орталығы, Торғайдан Ақшығанақ ауылына баратын жолдың 15 және 25-ші шақырымы бұзылған. Ал Арқалық қаласында шеткері жер үйлердің ішіне аула мен көшедегі еріген қардың суы кіріпті. Қазір мұнда сорғыларды қолданып үйлерді құрғату жұмысы жүріп жатыр.
Дәуренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысында тасқын судың салдарынан бірнеше бағытта қатынас қиындады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155532/)