Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. Отандық фарм-өндіріс кейбір құрамдық бөлшектер мен логистика бойынша импортқа тәуелді. Медицина мекемелері шприц, катетрлар мен өзге де тауар тапшылығына тап болып отыр. Бірақ ведомство басшысы биылға қажет дәрілердің 94% сатып алдық дейді. Бүгінде ол дәрілердің 50% «СҚ-Фармация» қоймалары мен хабтарына жеткізілген. «Ал Украинадан дәрілік препараттардың 25 түрі келеді. Қазір зауыттар жабық тұр. Сондықтан біржақты негізде келісімшарттарды тоқтатамыз. Қалған көлем бойынша қайтадан конкурс жариялаймыз. Бұл жұмыстар 1 шілдеге дейін аяқталады», – деді министр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Украинадан дәрі-дәрмек жеткізіп берушілермен келісімшарт тоқтатылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155536/)