2 жасөспірім 1 аптадан бері табылмай жатыр
Жаңаөзен қаласында 2 жасөспірім қыз із-түзсіз жоғалып кетті.
Полицейлер оларды 1 аптадан бері іздестіруде. Қыздардың жасы 15-те. Екеуі де 29 наурыз күні үйлерінен шығып, қайта оралмаған. Фарида Чындышова Рахат - 4 шағын ауданында, ал Тілектес Жолдас Теңге ауылында тұрады. Ақтау қаласында да 15 жасар қыз жоғалып, кеше 3 күннен кейін табылды.
Аягөз Оралбай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жаңаөзенде 2 жасөспірім бір аптадан бері табылмай жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155599/)