Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалды. Нұржан Нұржігітовті аймақ активіне Премьер-министр Әлихан Смайылов таныстырды. 55 жастағы жаңа аймақ басшысы бұған дейін Байзақ ауданын басқарған. Облыстық мәслихат депутаттары оның кандитатурасын бірауыздан мақұлдады. Аймақ активімен кездесуде Премьер-министр Бердібек Сапарбаевтың облыстың дамуына, ұлтаралық келісімді нығайтуға, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыруға қосқан үлесіне тоқталып, атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының жарлығымен Қызылорда облысының әкімі де ауысты. Гүлшара Әбдіқалықованың орнына бұл қызметті енді Нұрлыбек Нәлібаев атқармақ.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155606/)