5 миллион тұрғыны бар Сидней қаласында үздіксіз нөсерден көшелер өзенге айналған. Мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілмек. Ауа райын бақылаушылардың болжамынша, жаңбыр тоқтамастан күні-түні жаууы мүмкін. Демек, алдағы 24 сағатта қайта тасқын жүруі мүмкін деген қауіп сейілген жоқ. Жергілікті билік тұрғындарға далаға шықпауды және эвакуациялануға дайындалуды ескертті.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Австралияның шығыс жағалауында жауынның 1 айлық мөлшері жауды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155619/)