Өз-өзіне қол жұмсау туралы хабар таратуға бұқаралық ақпарат құралдары жауапкершілікпен қарау керек. Өйткені қайғылы оқиғаның қай жерде және қалай болғанын егжей-тегжейлі көрсету мұндай жағдайдың қайталануына әсер етуі мүмкін.
Суицидке қатысты ақпараттар берудің негізгі қағидаттары Елордада өткен брифингте айтылды. Кәсіби психологтар, Еуропалық Одақ пен Дүниежүзілік денсаулық ұйымының өкілдері өздерінің ой-пікірін ортаға салып, тәжірбие алмасты. Қазақстан жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілері бойынша 10-шы орында тұр.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өз-өзіне қол жұмсау туралы ақпаратты таратудағы БАҚ-тың жауапкершілігі қандай?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155624/)