![Кірме жолдарды қадағалайтын компаниялардың қызмет көрсету тарифі 80% төмендеді](https://cdn.qazaqstan.tv/2022/4/8/1649391482760.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1 ақпаннан бастап кірме жолдарды қадағалайтын 21 компанияның («КСО» АҚ, «Arman Kala Limited» ЖШС және басқалары) қызмет көрсету тарифі 80% төмендеді
Үкімет қызмет көрсету кезінде өз жағдайын теріс пайдаланатын жосықсыз субъектілерді анықтау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Бүгінгі таңда еліміздегі кірме жолдар қызметін көрсететін 120-дан астам субъектіге тарифтер төмендетілген.
Қабылданатын шаралар тасымалданатын тауарлардың (жүктердің) түпкілікті құнына оң әсер етеді және кәсіпкерлердің аталған қызметтерді төлеу шығыстарын айтарлықтай төмендетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кірме жолдарды қадағалайтын компаниялардың қызмет көрсету тарифі 80% төмендеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155664/)