Атап айтқанда тәтті тоқаш, майлы дақыл және басқа да дәмдеуіштер қосылған өнімдер қымбаттады. Мәселен, жоғарғы сұрыпты ұннан жасалған 130 теңге тұратын нан бағасы 200 теңге, ал 1-ші сұрыпты ұннан жасалғаны 180 теңгеге көтерілді. Жергілікті билік қымбатшылыққа еш ықпал жасай алмайтындарын мәлімдеді. Себебі нан пісіруге қажетті өнімдердің барлығы 30-40% көтерілген. Ал әлеуметтік нан бағасы 95 теңге күйінде қалды. Аймақтың тұрақтандыру қорында ұн жеткілікті. «Сондықтан күзгі ораққа дейін бұл баға өзгеріссіз қалады», – деп мәлімдеді шаһардың кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің мамандары.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда нан бағасы шарықтап кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155666/)