Шығыс Қазақстан облысында жұмыс уақытында жазатайым жағдайға ұшырайтындар саны азаймай тұр. Тек былтыр өңірдегі өндіріс пен құрылыс саласында 23 адам көз жұмса, 204 маман жарақат алған. Мұндай оқиғалар негізінен тау-кен металлургия және құрылыс саласында болады. Аудан, қалалар арасында Өскемендегі өндірістер көш бастап тұр. Қаладағы ірілі-ұсақты өндірістерде 48 адам жарақат алған. Еңбек қауіпсіздік ережесі жиі бұзылатын ірі 12 кәсіпорынға мониторинг жүргізілмек. Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы кейбір арыз-шағымдар бойынша тексеру жүргізіп жатыр.
Олжас Керей
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ШҚО: Жұмыс уақытында жазатайым жағдайға ұшырайтындардың саны көп&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155696/)