«Берекелі бастау – қалалық бастама» бағдарламасына Павлодар қаласы қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Берекелі бастау – қалалық бастама» бағдарламасына Павлодар қаласы қосылды

08.04.2022

«Берекелі бастау – қалалық бастама» бағдарламасына Павлодар қаласы қосылды. Арнайы порталда шаһардың әр тұрғыны инфрақұрылымды жақсарту бойынша өз ұсыныстарын жолдай алады. Үздік жобалар дауыс беру арқылы таңдалады. Оны білікті мамандар саралайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Іс-шараны ведомство «Q88» урбанистер қауымдастығымен бірлесіп жүзеге асырмақ. Осыған дейін Ақтау мен Атырау қалаларын дамыту бойынша 100-ге жуық ұсыныс түскен. Қазір үздік жобаларға дауыс беру жүріп жатыр. Бастамашыл топ болашақта бағдарламаға Шымкент, Тараз, Сәтбаев секілді бірқатар қаланы қосуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, шаһарларды дамытуға арналған «Берекелі бастама» порталы жыл басында құрылған болатын.

Еркебұлан Дауылбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:
Жобаға қосылатын келесі қала ретінде Павлодар таңдалды. Сонымен 8 сәуірден 8 маусымға дейін ұсыныстарды жинап, одан кейін 11 маусымнан дауыс беруді бастап, жобаны іріктеудің барлық кезеңінен өткен және жеңіп шыққан жобаларды жүзеге асыруға кірісу қажет.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу