Қазақстан арқылы жүру үшін жалған төлқұжат жасатқан шетелдіктер ұсталды. 6-сәуір күні Алматы әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде Орталық Азия елдерінің төрт азаматы қолға түскен. Тексере келе олардың жүк сөмкесінде нақты паспорттары бар болып шықты. Алдын-ала мәлімет бойынша олар еліміз арқылы транзитпен өту үшін жалған төлқұжат жасап алған. Біреуінің құны шамамен - 10 мың доллар. Жалған құжат тәркіленді. Қазіргі уақытта оларды елден депортациялау мәселесі қарастырылуда.
Раушан Сайлауқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда жалған төлқұжат жасатқан 4 шетелдік ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155747/)