Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті. Аулаларды, саябақтар мен скверлерді, су қоймаларының жағалауларын тазарту жұмыстарына 60 мыңнан аса тұрғын атсалысты. Сондай-ақ, көшелер, аулалар, және арық желілері тазартылды. Жиналған қоқыстарды шығару үшін қаланың коммуналдық қызметтері мен кәсіпорындарының 502 бірлік арнайы техникасы тартылды. Тазалық жұмыстары кезінде 10 мың текше метрден аса күл- қоқыс шығарылды. Экологиялық акция барысында сақ қорғандарының аумағы, Алатау ауданының Қарағайлы орманының жаны, Сайран көлі мен Қарғалы өзенінің жағасы тазартылып, барлығы 5 мыңнан аса ағаш отырғызылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155753/)