Шығыста есірткі саудасын қыздырған топ ұсталды. Өңірлік полицейлер ұзақ уақыт із кесіп, нәтжесінде 30-45 жас аралығындағы 4 азаматты қолға түсірді. Қамауға алынғандардың екеуі «гашишті» басқа жақтан Өскеменге, тағы екеуі Зайсан ауданына жеткізіп отырған. Күдіктілердің үйлерін тінту кезінде шамамен 5 келі «гашиш» және есірткі сатудан түскен көп сомада ақша тәркіленді. 4 күдікті де тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстары дәлелденсе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Олжас Керей
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ШҚО-да есірткі саудасымен айналысқан 4 азамат қолға түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155786/)