Бір аптаның ішінде браконьерлерден 1 тоннаға жуық балық тәркіленді. Атырауда «Бекіре акциясы» аясында Жайық- Каспий бассейнінен 101 заңсыздық анықталған. Балықты рұқсатсыз тасымалдаған 80 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, төрт іс сотқа жолданып, браконьерлерге 1 жарым млн теңге айыппұл салынды. 33 ау құралы мен 40-қа жуық су көлігі тәркіленді. Бағалы Балық қорын қорғауға арналған акция мамыр айының соңына дейін жалғаспақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда 1 тонна балық тәркіленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155805/)