Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да атыс болды. Оқиға Баткен облысының Селкан елдімекенінде тіркелді. Іргелес аумақта тәжік шекарашылары қырғыз әскерилерін көре тұра мемлекеттік шекараның шартты сызығына қарай жылжып, тоқтау талаптарын орындамаған,-дейді қырғыз тарапы. Тәжікстанның құзырлы органдары бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеді. Бұқаралық ақпарат құралдары да үнсіз. Еске салайық, бұған дейін 10-11 наурызда да қақтығыс болған. Сол кезде қос елдің шекаралық ведомства басшылары егер өзара бекітілген заң талаптары бұзылмаса әскерилерге қару қолдануға тыйым салған еді.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да атыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155933/)