Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Ведомство өкілдерінің мәліметіне сай, табиғат апаты таулы аймақтың «Жастар» шыңында болған. Қазір оқиға орнында 30-ға жуық адам мен 6 арнайы техника жұмысқа кірісті. Жоғалғандарды іздестіруге кинолог мамандар да тартылған.
Еске салайық бұған дейін төтенше жағдайлар қызметі сәуір айының 9-ы мен 13 -і аралығында тауда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескерткен.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы тауларында қар көшкіні жүріп, 2 адам үйінді астында қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155942/)