Алматыда қала ішінде жүрген әскери техникаға қатысты Қорғаныс министрлігі жауап берді. Ведомстваның хабарлауынша, бұл Қарулы күштердің жауынгерлік даярлығы. Сондықтан тұрғындарды қауесет әңгімелерге ермеуге шақырады.
Бұл техника «Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындарына байланысты жүргенін хабарлады. Оқу жаттығулар Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларының аумағында өтіп жатыр. Бұған дейін Қорғаныс министрлігі сәуір айында оқ-жаттығу жиыны өтетінін хабарлаған еді.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда қала ішінде жүрген әскери техникаға қатысты министрлік жауап берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155951/)