Павлодарда қант бағасын ұстап тұру үшін бюджеттен қосымша 500 млн теңге бөлінді. Осылайша алты айға жеткілікті қор жасақталды. Ал, сауда орындарындағы азық-түлік бағасы қатаң бақыланбақ. Себебі, кейбір дүкен иелері әлеуметтік тауар құнын негізсіз көтеріп жіберген. Қазір облыс орталығында тұрақтандыру қорынан босатылатын арзандатылған азық-түлік сататын 100-ден астам дүкен бар. Олардың өзінде қант, күріш, қарақұмық сынды-- тұрғындар жиі тұтынатын өнімдерді сөреге шығарып, көзді ала бере алып тастау деректері анықталды.
Әсия Жаншуақова, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:
Жұмыс тобы құрылды. 13 мониторинг топ жасақталды. Топтардың жұмыстары кезінде 20 өтініш түсті. 96 сауда нүктелеріне шықтық. 10 дүкенде негізгі бағаның өсуі анықталды.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодардағы 10 дүкен бағаны негізсіз көтерген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155989/)