Елде ипотекалық бағдарламалардың мерзімі қайта ұзаруы мүмкін. Бұған дейін оларды биыл аяқтау жоспарланған еді. Алайда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «7-20-25» пен «Баспана хитке» халықтың да, құрылыс компанияларының сұранысы жоғары екенін айтты. Ол қазір осы мәселе талқыланып жатқанын жеткізді. Еске салайық, «Баспана хит» бастапқы жарнасы 20%, несиені 15 жылға дейін беретін бағдарлама. Ал «7-20-25» арқылы тұрғындар 25 жылға дейін ипотекалық кредит рәсімдей алады.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елде ипотекалық бағдарламалардың мерзімі қайта ұзаруы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155992/)