Қайғылы оқиға Алмалы ауданында орналасқан Логистика және транспорт академиясында орын алған. Сонда болған куәгерлердің сөзінше, ер адам өзін жайсыз сезінген. Ал, оған дер кезінде көмек көрсететін дәрігер табылмаған. Мұғалімнің өлімін қалалық полиция департаменті растады және бұл дерекке қатысты сот-медициналық сараптамалық жұмыстар басталғанын мәлімдеді.