ВТБ, Сбербанк пен Альфа-банк KASE-дегі бағалы қағаздар саудасынан шеттетілді. Енді елдегі ресейлік банктер қор биржасында еуро және доллармен жасалған сауда-саттыққа қатыса алмайды. Қазақстандағы Альфа-банкке қатысты санкция 6 мамырдан бастап күшіне енеді. Тұрғындар бұл банктегі ақшасын жаппай алуға көшкен. Өткен аптадан бері азаматтар 100 млрд теңгені қайтарып алған. Осыған байланысты банк ақша алуға шектеу қойды. Альфа-банктің салымшылар алдында 445 млрд теңге міндеттемесі бар. Ол несие портфелі есебінен жабылады. Қаржы нарығындағы ойыншылар арасында Альфа-банк 11-ші орында тұр. Оның биылғы активі 908 млрд теңгеден асқан.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ВТБ, Сбербанк пен Альфа-банк KASE-дегі бағалы қағаздар саудасынан шеттетілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156061/)