10 сағат отпен күрес. Павлодар облысында тағы да орман өртенді. Бұл жолы Железин ауданындағы Ұрлытөбе орман шаруашылығына қарасты алқапты жалын шарпыды. Өкпек желдің кесірінен қызыл жалынды ауыздықтау қиынға соқты. 4 сәуірден бері өңірде өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары күшейтілді. Соған қарамастан бір аптаның ішінде 30-дан астам өрт оқиғасы тіркелген. Көбіне Ертіс өзенінің қос тарабындағы тоғай жанды. Мамандар өрттің шығуына құрғақ шөпті жаққан фермерлер кінәлі деп отыр.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысында тағы орман өртенді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156075/)