Павлодарда мектептегі өрттен кейін шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген оқушыларға иіс тигені белгілі болды. 2005-2008 жылдары туған 5 қызды дәрігерлер қарап, осындай диагноз қойған. Қазір олар ем қабылдап жатыр. Еске сала кетейін, бүгін түскі 11-лер шамасында қаладағы №1 мектепте өрт шығып, оқушылар мен ұстаздар өрт сөндірушілер келгенше шұғыл эвакуацияланған болатын. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, оқу орнының 3-ші қабатындағы кітап қоймасында от тұтанған. Нақтырақ айтсақ, жиһаздар мен кітаптар жанған.
Барлығы 479 адам сыртқа шығарылды. Оның 414-і оқушы. Жедел жәрдем мамандары 5 оқушыны ауруханаға шұғыл түрде алып кеткен еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда мектептегі өрттен ауруханаға жеткізілген оқушыларға иіс тиген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156099/)