Биыл оқушылар сарайына 10 жыл. Балалар жылымен тұспа-тұс келген мерейлі күнге орай, Елордада ауқымды іс-шаралар өтті. Бес күнді қамтыған мерекелік бағдарлама ғылым, шығармашылық және спорт салаларын қамтиды. Он жылда орталықтан тәлім терген 500-ден астам бала түрлі халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атанған. Ал бүгінде 12000 оқушы мен 100-ден астам үйірмені қамтитын білім ордасы өнер мен шығармашылықтан бөлек ІТ, цифрлық технологиялар, робототехника саласына көп көңіл бөледі.
Айгүл Әбдімәлікқызы, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы директорының оқу-тәрбиесі жөніндегі орынбасары:Бүгін бізде оқушылар сарайында үлкен қуаныш. Қазір біздің балаларымыздың үлкен концертіне қонақтарымызды шақыртып отырмыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оқушылар сарайына 10 жыл толды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156103/)