Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қырғызстан елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесті. Тараптар сауда, инвестиция, транзит және көлік, сондай-ақ су-энергетика саласын талқылады. Бүгінде екі елдің арасындағы тауар айналымның көлемі 1 млрд долларға жеткен. Енді осы көрсеткішті екі есе көбейту көзделіп отыр. Кездесуде тауар түрлерін арттыру, индустриялық сауда-логистикалық кешендер құру мәселесі сөз болды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары да талқыланды.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қырғызстан елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156127/)