![Алматыда «Соғыс қасіреті - халықтың жан қайғысы» атты фотокөрме ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77319.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Алматы қаласындағы Офицерлер үйінде «Соғыс қасіреті - халықтың жан қайғысы» атты фотокөрме ашылды.
Онда соғыс жылдарында Ауған соғысында, Иракта, сондай-ақ, Украинаның Луганск, Донецк қалаларында түсірілген фотолар қойылған.
Акцияға соғыстың бел ортасында болған, зұлмат кездерді көрген ардагерлер қатысты.
«Шараның мақсаты - өскелең ұрпаққа бейбіт заманның қадірін ұғындыру», - дейді ұйымдастырушылар.
Панфилов саябағында жалғасқан акцияда ардагерлер патриоттық ән шырқап, соғыс құрбандарын еске алды.
Марат Қаражігітов, Ауған соғысының ардагері:
Ешқашан соғыс болмаса екен. Бұл - ата-бабаларымыздың да арманы болған. Соғыс халыққа жақсылық әкелмейді. Болашақ ұрпаққа, ұл-қыздарымызға үлгі көрсетіп жатырмыз.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда «Соғыс қасіреті - халықтың жан қайғысы» атты фотокөрме ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/15616/)