Жамбыл облысында «Батыл тойтарыс – 2022» стратегиялық командалық-штабтың оқу-жаттығулары өтті. Оған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері қатысып, таулы жерде жауынгерлік іс-қимыл жүргізу тактикасын пысықтады. Әскерлер шартты түрдегі қарсыласты жою үшін танк, артиллерия, зениттік-зымыран және әскери авиация қолданды. Батальондық тактикалық топ шекарашылармен бірлесіп, шартты түрдегі содырларға тойтарыс берді. Оқу-жаттығуларды қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов көріп, әскерилердің дайындығына бағасын берді.
Нұрлыхан Темірбеков, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жедел басқарма бастығы:
Әскерлердің арнайы іс-қимылы шыңдалды. Басқа күш құрылымдарымен, шекара, полициямен бірге және төтенше жағдайлар қызметімен бірге жұмыстарды атқарып, сарбаздардың іс-қимылын шыңдадық.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында әскери оқу-жаттығулар өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156162/)