Алматыда тұрғын үйде өрт болып, 65 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың арасында балалы әйел де бар. Тілсіз жау Ақкент ықшам ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйден шыққан. Өрт сөндірушілер 7-ші қабаттағы қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтап үлгерген. 10 шаршы метр аумақ жанып кетті. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты: 65 адам эвакуацияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156239/)