7-20-25 бағдарламасы арқылы несие беру жалғасып жатыр. Бүгін Қазақстанның орнықтылық қоры ипотекалық бағдарламаға бөлінген 1 триллион теңгенің әлі 466 миллиард теңгесі игерілмегенін хабарлады. Қалған 534 миллиард теңгеге 50 мыңнан астам несие берілген. Басым бөлігі Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында рәсімделген. Бағдарламаны екінші деңгейлі 9 банк іске асырып жатыр. Бөлінген қаржы біткен бойда ипотека беру тоқтайды. Десе де бұған дейін бизнес қауымдастық 7-20-25-ті жалғастыруды сұраған еді.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=7-20-25 бағдарламасы арқылы баспанаға несие беру жалғасып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156266/)