Оралда жалпы сомасы 4 млн теңге болатын ақша, алтын бұйымдарын үптеп кеткен атыраулық гастролёр-ұрылар ұсталды. Әуелі екі азамат Деркөл кентіндегі жер үйдің пластикалық терезесін сындырып кіріп, 1 млн теңге мен алтын әшекей, ноутбукты қолды еткен. Кейін Зашаған кентіндегі зейнеткердің үйінен 240 мың теңгемен қоса, 100 евро, алтын бұйымдар, тұрмыстық техниканы ұрлаған . Жедел іздестіру барысында 24 және 25 жастағы күдіктілер ұсталды. Ұрланған мүлік ішінара тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оралда тұрғындардың дүние-мүлкін тонаған ұрылар ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156280/)