Ел аумағында ауа райы күрт суытып, көктайғақ болады деп болжануда. Бүгін-ертең 4 қала мен 5 облыста дауылды ескерту жарияланды. Елордада қар аралас жауын жауып, ауа температурасы түнде 3-5 градусқа дейін суытуы мүмкін. Петропавл, Көкшетау мен Қарағандыда жел күшейеді. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 3-8 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Павлодар, Батыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Шымкент, Түркістан аумағында күн күркірейді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде 4 қала мен 5 облыста дауылды ескерту жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156384/)