Атырау облысының Құлсары қаласындағы Құрсай өзенінің сағасына жиналған қарғын су тасып, үйлерге қауіп төнді.
Тұрғындарды уақытша көшіруге тура келді. Қызыл су таңертеңгі сағат 7-лерде ауыл іргесіне жайыла бастаған. Қазір төрт үйдің тұрғындары уақытша ағайындарының үйінде тұрып жатыр. Ауладағы су деңгейі 15-20 см-ге дейін жеткен. Қазір су деңгейі 2 метрге дейін түсті. Зардап шеккендер мен бүлінген нысандар жоқ. Ауласына су кірген тұрғындардың мәселесін арнайы құрылған комиссия қарайды.
Жантөре Демешов, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бөлімінің бастығы:
Дамбылардың жарылуы салдарынан аталған оқиға орын алды. Ендігі уақытта Құрсай өзегіне қосымша дамбылар салу жұмыстары жүргізілуде. Бақаша шлюзі толықтай жабылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Құлсары қаласындағы Құрсай өзені тасып, тұрғындар уақытша көшірілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156420/)