Қазақ-Қырғыз шекарасындағы жүк көлігінің кезегі азайып, ахуал тұрақтала бастады. Бұл туралы көрші елдің шекара қызметі хабарлады. Айтуларынша соңғы күндері еліміз бір сағатта 3-4 көлікті кіргізіп отырған. Қазір 8-9 жүк көлігі кіріп жатыр. Бұл бақылау-өткізу бекетіндегі жүктемені айтарлықтай жеңілдетті делінген хабарламады. Десе де кезекте әлі 150-дей көлік тұр. Айта кетейін бұған дейін қазақ-қырғыз шекарасында жүк тасымалы қиындап, жүздеген көлік ұзын сонар кезекте тұрған еді. Кейін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бақыт Сұлтанов пен Қырғызстан үкімет басшысының орынбасары шекарадағы ахуалға қатысты келіссөз жүргізген еді.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақ-Қырғыз шекарасындағы жүк көлігінің кезегі азайып, ахуал тұрақтала бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156430/)