Осы «Жедел желі» бағдарламасында министр мұғалімдерге артық құжат толтыруға мәжбүрлейтіндер жауапкершілікке тартылатынын айтты. Қазір білім ошақтарында ұстаз небәрі 2 құжат толтырады. Олар: электронды жүйеде оқушыға баға қою және күнделікті сабақ жоспарын әзірлеу. Ал, электронды күнделікті қосымша қағаз бетіне басып шығару – заң бұзушылық, деді министр. Соңғы жылдары мұғалімдерді қағазбастылықтан арылту бойынша нақты шаралар жүзеге асырылды. 100-ге жуық құжат қысқартылды. Қажет емес қағаздарды толтыруға 700-ден астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, мұғалімдерді мерзімді басылымдарға жазылуға, көше тазалауға міндеттегендер де жазаға тартылады.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
Әр мектепте педагогикалық этика бойынша кеңестерді құрдық. Бұл - бір. Егер ол педэтика кеңесіне барғысы келмесе, облыстарда Бақылау департаменттері бар, соларға телефон соғып немесе ватсапқа ақпарат беруге болады. Барлық осындай шағымдар бойынша біз міндетті түрде жауапкершілікке тартамыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мұғалім мектепте тек 2 құжат толтыруға міндетті - Асхат Аймағамбетов&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156447/)