Мәскеулік Юлия Плаксина Мемлекеттік музыкалық эстрада және джаз колледжін тәмамдаған. Әнші «Узнай Украину», «Танцы с Карпатами», «Закарпатский эдельвейс» сынды халықаралық жасөспірімдер фестиваліне қатысқан.
«Мен бір орында отыра алмайтын адаммын. Үнемі өзіме жаңа дүние ашқым келіп тұрады. Киім үлгілерін саламын, жаңа образдар ашып, шаш үлгілерін жасағанды ұнатамын. Өлең жазамын. Бала кезімде футбол және күреспен айналысқанмын. Биді жақсы көремін»,-дейді әнші.
Ол «Жаңа толқын» байқауына қатысуды байқау шыққалы бері армандап келеді. 5 жасынан бастап музыкамен әуестенген.
Әншінің бүгінгі реттік нөмірі – 11.