![Лидия Исак: Барлық қатысушыға сәттілік тілеймін](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77337.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Молдовалық үміткер Лидия Исак Ресей Федерациясының Санк-Петербург қаласында дүниеге келген. 2008 жылы музыкалық мектептің фортепиано сыныбын бітірген.
Қазіргі уақытта Молдовадағы музыкалық академияның эстрада-джаз кафедрасының тәлімгері. Бірнеше халықаралық конкурстың жеңімпазы.
Лидия таза ауада серуендеп, кітап оқығанды ұнатады.
«John Legend»-пен дуэт айтуды қатты армандайды. Лидия Исак байқауға қатысып жатқан барлық қатысушыға сәттілік тілейді.
Лидия байқаудың алғашқы күнінде 12-ші нөмірмен қатысады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Лидия Исак: Барлық қатысушыға сәттілік тілеймін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/15651/)