![Литва Моника Линкитеге үміт артады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77338.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Литвалық қатысушы Моника Линките музыкалық мектептің фортепиано сыныбында білім алған. Қазір Вильнюс университетінің заң факультетінде тәлім алуда.
Моника үшін отбасы – бүкіл әлем. «Отбасым мен ағам басқа қалада өмір сүреді. Бірақ, демалыс уақытында бәріміз үйде жиналып, таңғы асымызды бірге ішеміз», - дейді ол.
Бос уақытында достарымен қыдырғанды, кітап оқығанды ұнатады екен. «Менің ең сүйікті кітабым – «Кішкентай ханзада», бұл кітапты 7 рет оқығанмын», - дейді Моника Линките.
Моника байқаудың алғашқы күні 13-ші нөмірмен қатысады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Литва Моника Линкитеге үміт артады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/15653/)