Маңғыстау облысының тұрғындары жаңбыр тілеп, тасаттық жасады.
Теңіз жағалауына шамамен 3 мыңнан астам адам жиналды. Оларға өңірдің бас имамы Әнуар Елжанов жаңбыр тілеу намазының мағынасын түсіндірді. Содан кейін, көпшілік Маңғыстау өңірі үшін жуын тілеп, арнайы дұға оқыды. Айта кетейік, аймақта 2 жылдан бері қуаңшылық. Салдарынан ресми дерек бойынша 1500-ге жуық мал аштан қырылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстау облысының тұрғындары жаңбыр тілеп, тасаттық жасады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156541/)