Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңғыстаулық сарбаз Әлібек Саламатұлы Қалбайдың қаза болуына байланысты жақындары мен туыстарының орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. 23-сәуірде Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығына енді ғана келген 18 жастағы борышын өтеуші кенеттен көз жұмған еді. Президенттің пікірінше, бейбіт күнде әскердегі сарбаз қаза болмауы тиіс. Ата-ана баласын әскерге жібергенде оның қауіпсіздігі үшін алаңдамауы керек. Бұл – мемлекетіміздің мойнына алған міндеті. Президент осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жауынгердің өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент маңғыстаулық сарбаздың қаза болуына байланысты туған-туыстарына көңіл айтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156567/)