Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сол елдің Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Арзыбек Қожошевпен кездесті. Тараптар «Қарасу» және «Ақ-тілек» автожол бекеттеріндегі индустриялық сауда-логистикалық кешеннің іске асу барысымен танысты. Логистикалық кешен құру екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға оң әсерін тигізеді. Екі елдің өндірушілері мен кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланысты жандандырады. Сондай-ақ кездесуде өзара сауданың ашық болу мәселесі көтерілді. Тасымалданатын тауарға QR-коды бар электрондық шот-фактуралардың болуын қамтамасыз етуге келісті. Бұл - қазақ-қырғыз шекарасындағы жүк көліктерінің кептелісін шешуге мүмкіндік береді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бақыт Сұлтанов Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасарымен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156569/)