Әлемнің 12 мемлекетінде балалар арасында белгісіз гепатит ауруы тарай бастады. Бұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлап отыр. Оның дерегінше, жаңа ауруға 169 жеткіншек шалдыққан. Солардың 114-і Ұлыбританияда тіркеліпті. Және де бұрын кездеспеген гепатит Испания, Италия, АҚШ, Ирландия, Нидерлынды, Норвегия, Франция, Румыния, Бельгия, Данияда да анықталды. Науқастардың жасы - бір айдан 16-ға дейін. Олардың 17-сіне бауыр трансплантациясы қажет болып отыр. Ауырған балалардың организмінен гепатиттің кең тараған бес вирусының ешқайсы табылмады. Және де олардан іш өту, құсу тәрізді симптомдар көбірек байқалған.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлемнің 12 мемлекетінде балалар арасында белгісіз гепатит ауруы тарай бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/156591/)